Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

0
151

Тәуелсіздігіміздің арқасында төрткүл әлемге танымал болған Қазақ елінің басты мақсаты – Мәңгілік Ел болу, шаңырағы шайқалмай, бейбіт аспан астында бақытты ғұмыр кешу. Иә, бүгінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көшбастауымен қарқынды дамып келе жатқан іргелі елге айналғанымызды қуанышпен айтуға болады. Мұның басты дәлелі Елбасымыздың әр жыл сайынғы жолдаған Жолдауы арқасында халқын дұрыс бағытқа бағыттай алуы.
Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баев­тың биылғы Жол­дауы Президенттің стра­те­гия­лық көрегендігін тағы бір мәрте көрсетті. Биылғы Жолдауында да Президент түйіткілді мәсе­лелерді атап қана қой­май, оларды шешудің де жолдарын көрсетіп берді. Халық­тың тұрмыс сапасын арт­тыру, әлеуметтік сек­торға, қауіпсіздік пен инф­рақұрылымға мән бере отырып, бюджет шы­ғыс­тарының басым­дықтарын қай­та қарау ұсынылды. Бү­гінгі таңда қарапайым ха­лық үшін жайлы өмірдің аса ма­ңыз­ды тұсы медициналық қыз­мет­тің сапалы болуы екен­дігі баршамызға мәлім.
Бұл тұрғыда Елбасы ха­лық­тың денсаулығы туралы үнемі айтып келеді, бұл жолы да халық денсаулығы назардан тыс қалған жоқ. 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды паспорты жасалып, кезектер мен бюрократияны жоюға тапсырма берді.
Халық денсаулығы мық­ты болуы үшін спорт түр­лері­мен айналысуға ыңғай­лы аулалар мен саябақ­тарды жаб­дықтау керек­тігін де атап өтті. Сонымен қатар, «Биз­нестің жол кар­тасы» секілді бағдар­ла­малар арқылы жеке кәсіп­керліктің дамуына қолдау көрсету, ауыл ша­руашылығының жандануына серпін беру сынды ауқымды мәселелерді алға қоюы біз үшін жаңа белес болмақ.
Ал, келер жылды «Жастар жылы» деп атап көр­сетуі оларға үлкен сенім мен зор жауапкершілік арт­қаны. Демек 2019 жыл – Жас­тардың жылы болса, ол бола­шаққа жасалған үлкен жана­шыр­лықтың белгісі.
Сондай-ақ, «Ұстаз мәрте­бесін» жоғарылатуды, арнайы заң енгізіп, тұғырын биік көтеруге ұсыныс жасауы және цифрлық білім беру ресурстарының жұмысын одан әрмен дамытуды тап­сыр­ғаны оңды шешім болды деп ойлаймыз. Осы және өзге де Жолдауда көрсе­тілген мәселелерді жедел түрде жүзеге асыратын бол­сақ, Қазақстан тұрғын­дарының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасы одан әрмен жоғарылайтыны сөзсіз.

Аида АБИБУЛЛАЕВА,
«Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры

Жауап қалдыру