Тарихты ұлықтау – ортақ міндет

0
387

«Ұлы даланың жеті қыры». Ұлттық құндылықтарды ұлықтау. Тарихқа жаңаша көзқарас. Бүгінгіні без­бендеу, болашаққа бағдар. Көптің көкейіндегі түйт­­кілді тап басып тани білген әрі дер кезінде жарияланған. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын қысқаша осылай түйіндеуге болатын сияқты. Бұл құжат несімен құнды? Ең әуелі уақыт пен кеңістікті тоғыстыра білген. Қысқаша шолу жасайық.
Қадымнан қазірге дейінгі аралықты жалғаған, ұлт та­рихын ұлықтаған мақала «Ат­қа міну мәдениетінен» бастау алады. Ботайда табыл­ған жәдігерлер ең алғаш жылқыны қазақ­тар­дың қолға үйреткенін айғақ­тайды. Асауға ауыздық сал­ған Ботай қонысы – ата-бабамызда ежелден өрке­ниеттің болғанына толық дә­лел. Тарихи дәуірдің асыл мұрасын зерттеудің ал­ғаш­қы күндері-ақ бұл жер­­ден 40 мыңнан астам ар­те­факт табылған. Бірегей қоныс туралы Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақа­ласында ерекше атап көр­сетеді. «Атқа міну мә­дениеті салт атты жауын­гердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін баба­ларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екі­ге бөлді.
Осылайша, кәдімгі шал­бар­дың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құла­ғын­да ойнауына, ұрыс кезін­де еркін қимылдауына мүм­кіндік берді. Дала тұрғын­дары теріден, киізден, кен­дір мен жүннен, кенептен шал­бар тікті. Содан бері мың­даған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде та­былған көне шалбар­лар­дың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұм­сақ өкшелі саптама етіктің «мұ­ра­герлері» екені белгі­лі», – деп жазылған мақа­лада. Күллі әлем көз тіккен Ботайды ғалымдар 27 жыл зерттеген екен. Бұл қоныс­тан табылған жылқы сү­йек­терінің көптігі шыны­мен де таңқаларлық жағдай. Әлі де зерттеуді қажет ете­тіні анық.
«Ұлы даланың ұлы есім­дері». Бұл мақалада орын­ды қамтылған келесі та­қы­рыптың бірі. «Ертеңсіз бү­гін жоқ» демекші, төл та­рих­ты саралап, барды баға­лап, ұлы бабаларды мақтан тұту қажет. Әрісі Әл-Фарабиден желі тартатын ұлы тұлғалар шоғыры болашаққа жол ашып тұрғандай. «Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұл­қарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Ва­шингтон сияқты дүние­жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» ба­ға жетпес символдық капи­та­лы саналады әрі сол ел­дер­дің халықаралық аре­нада тиімді ілгерілеуіне сеп­тігін тигізіп отыр. Ұлы да­ла әл-Фараби, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дү­ниеге әкелді. Сондықтан біз біріншіден, атақты та­рихи тұлғаларымыз бен олар­дың жетістіктерінің құр­метіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойы­ла­тын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек». Мақалада айтылған бұл мағыналы сөз­дер жас өреннің бойында өзіндік «менін» оятады. Бұл қазіргідей жаһандану дә­уірінде ұлтты ұйыстыруға өте қажет.
Осы орайда, Қазақ дала­сын­дағы ән мен күйдің, би мен жырдың, батыр ба­ба­ларды жас ұрпаққа наси­хаттау маңызды. Ұлттық қа­һарман­дарын экранға шы­ғару арқылы өскелең ұр­пақ­ты тәрбиелеу – бү­гін­гі басты құралдың бірі. Ұрпақ тарихты тануы тиіс. Мемлекет сол кезде дамып, рухани құндылықтар байи түседі. Қоғамның бар­лық са­ласын қамтитын мақала­ның соңында Елбасы елі­міздің табысты болуын бүгін­гіні бағалап, болашаққа оң көз­қарас танытумен байла­ныс­тырады. Яғни, тарихты са­ралау кезек күттірмес мәселе. Бұл ретте, «Рухани жаң­ғырудың» заңды жал­ға­сы – «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының орны ерек, жөні бөлек.

Айткүл Медеуова,
Жамбыл ауданының
ішкі саясат бөлімінің
басшысы

Жауап қалдыру