Тұрмыс сапасын арттыру – ұлт саулығынан

0
23

Елбасының әрбір игі бастамалары мен Жолдау­лары ел дамуының негізгі қозғаушы күші. Жыл сайынғы Жолдау – Қазақстан Республикасының кемел келе­шегі мен бақытты болашағын бағ­дар­лайтын, әлемдік деңгейде өзінің беделін жоғары көрсететін басты құжат және еліміздің дамуының жаңа белесін айқындайтын еңселі серпін екені даусыз.
Бүгінгі таңда тәуелсіз қазақ елі дамудың жаңа жолына, яғни дүниежүзілік танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтері­ліп келеді. Бұл тұрғыда Н.Ә.Назарбаев ең алдымен білім саласы мен ұлт саулығы мә­селелерін алға қойды. Бұл бастамасы өте оңды шешім бол­ғаны баршамызға мәлім. Сондықтан, алдымен ұлт сау­лығы басты назарға алып, кейін білім, ғылым саласын күшейткеніміз абзал.
Мемлекет басшысы ден­саулық сақтау саласы бойын­ша бірқатар міндеттер жүк­теген болатын. Мәселен, ауыл­дық жерлерде алғашқы меди­циналық-санитарлық көмек­тің қолжетімді болуын қам­тамасыз ету, емдеу ісінің жаңа тәсілдерін енгізу, барлық тұр­ғындардың электронды ден­саулық паспортын жасап, ке­зек­терді азайтып, керісінше қызмет көрсету сапасын арт­тыру және осы сала қыз­мет­кер­лерінің жалақысын 20 пайызға көбейту.
Осындай игі бастамалары оң нәтижесін берсе, қазақс­тандықтардың әл-ауқаты өсіп, табыс пен тұрмыс-сапасының артатыны сөзсіз. Сондай-ақ Жолдауда «Жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көз­дер­ден жұмсалатын қара­жатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет» делінген. Бұл білім мен ғылымға және денсаулық сақтау салаларына үлкен серпін бермек. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың осы жолғы жолдаған Жолдауының «Қа­зақс­тандықтардың әл-ауқа­тының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталауының өзі ұлттық бірлік пен ынтымақтастық жолында әл-ауқатты, дені сау ұлт бо­ла­шағын қалыптастырудың дәлелі болып отыр.

Жақып ЖЕКСЕМБИЕВ,
Тараз қалалық мәслихатының депутаты,
Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің Бас дәрігері

Жауап қалдыру