Межелі мақсаттарға ұмтылыс

0
171

Межелі мақсаттарға ұмтылыс
Онда «5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет» делінген. Яғни, бұл дегеніміз отандық білім мен денсаулық сақтау салаларына қарқынды серпін беретін фактор. Сол себепті бүгінде баса назар аударылған денсаулық сақ­тау саласы бойынша елі­мізде сапалы жұмыстар қар­қын алып жатыр.
Мысалы, денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың жол карталары әзірленіп, бі­рыңғай интеграциялық плат­форманы пилоттық енгізу көзделсе, Қазақстан Респуб­ликасының әрбір азама­ты­ның жеке ұяшығы, яғни, ден­саулығының электронды пас­порты болуы секілді бір­қатар жұмыстар қолға алынды.
Сондай-ақ жекелеген қыз­мет­тердің жұмысын авто­мат­тандыру іске асыры­луда. Бұл орайда Елбасының ден­саулық сақтау саласын цифр­ландыру баста­ма­сын­да медицина қызмет­кер­лерінің еңбек өнімділігі ұлға­йып, халықтың меди­ци­налық қызметтерге қана­ғат­тану деңгейін арттыруы көз­делген. Сондықтан, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жол­дауындағы түрлі салаға оның ішінде ұлт саулығына бағытталған игі шаралары бүгінде қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне және тұрмыс сапасының артуына үлкен мүмкіндік туғызатыны айқын.

Мадина ЕРМАХАНБЕТОВА,
Төлеби аудандық мәслихатының депутаты
Шымкент қаласы, «Т.О.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы» МКК Бас дәрігері

Жауап қалдыру