Медициналық сала – ел дамуының айрықша жүйесі

0
67

Таяуда ғана Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Бұл Жолдаудың өзі де әлеуметтік мәселелердің сондай бір маңызға ие болып отырғандығын көрсетеді. Елдің тұрмыc-тіршілігі, әл-ауқаты үнемі Елбасының, Үкімет назарында екенін тағы бір мәрте еске салды. Сондықтан да Жолдау тақырыбы – «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталды.
Президентіміз халқына жол­­даған дәстүрлі Жол­дауын­да денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуды көздейді. Сонымен қатар қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жо­ғары дең­гейде болуын қамта­ма­сыз ету қажеттігіне тоқта­лып, оған жетудің нақты міндет­терін белгілеп берді. Ең алдымен әсіресе ауыл­дық жерлерде алғашқы ме­ди­циналық-санитарлық кө­мек­тің қолжетімді болуын қам­та­масыз ету қажет деп тапсырды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшу қажет екенін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ «Цифрлық Қа­зақ­стан» бағдарламасы ая­сында денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер енгізілмек. Оны жетілдіру мақ­са­тында медицина қыз­мет­керлері жұмыс­тарының есе­бін, жоспарын қағаз кү­йінде емес, электронды нұсқа түрінде де тапсыра алады. Келер жылы ал­ғашқы медициналық-са­нитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын көбейту көзделіп отыр. Статистика бойынша халықтың өмір сүру ұзақты 72,5 жасқа жетті. Демек, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың алдыңғы Жолдауында жол­дан­ған денсаулық сақтау жү­йесі бір ізделіп, барлық бағыттар бойынша жұмыстар атқарылған. Бұл қуантарлық жайт. Алдағы уақытта медицина саласы одан әрі дами түсетіні айдан анық. Медициналық қызмет сапасы артса, халықтың әлемеуттік жағдайы да жақсарады.
Бүгінде Астана қала­сын­дағы №4 қалалық ауруханасы мемлекет басшысы жүк­теген міндеттерді үлкен абыроймен жүзеге асырып келеді. Елбасымыздың Жолдауына сәйкес халыққа мінсіз медициналық қызмет көр­сетіліп, денсаулық саласына өлшеусіз үлес қосылуда. Сол бағыттар бойынша бірқатар жұмыстар атқарып, үлкен жауапкершілікпен алып шығу – бәріміздің міндетіміз. Елбасының әрбір Жолдауы қашанда өзекті мәселелерге арна­лады. Оларға қарап күті­летін нәтижелерді де баға­лауға болады. Қорыта айт­қанда, Жолдау халықтың ті­легімен тікелей үндесіп отыр.

Серік ШАЙМЕРДЕНОВ,
Астана қаласы
№ 4 қалалық ауруханасының Бас дәрігері

Жауап қалдыру