«Ұлы даланың жеті қыры» талқыланды

0
38
????????????????????????????????????

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған жиналыс болып өтті.
Жиналысты ашқан уни­верситеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жө­нін­дегі проректоры, профессор Жанатбек Ішпекбаев Елбасы еңбегініне шолу жасай келіп, онда көтерілген негізгі мәселелерге тоқ­тал­ды. Саясаттану және әлеу­меттік-философиялық пәндер кафедрасының мең­герушісі, тарих ғы­лым­дарының докторы, про­фес­сор Жомарт Симтиков өз баян­да­масында аталған еңбектің ұлт руханиятын кө­терудегі маңызына жан-жақты тоқталды. «Мақала Стратегиялық си­патқа ие және тарихи сана қалып­тас­тыруға, мемлекетшілдік сана орнықтауға негіздел­ген», – дейді ол.
Ал тарихи сананың тұғыры қашанда ұлттық болмыстан екені белгілі. Елбасы еңбегі көп­қырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабыл­дауға шақырады. «Біз басқа халықтардың рөлін төмен­детіп, өзіміздің ұлы­лығы­мызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұ­рыс пайымдауға тиіспіз» – дей келе, негізінен, біздің әлем­дік өркениетке қосқан үлесімізді, жаһандық даму үрдісіне тигізген айтар­лық­тай септігімізді қайтадан зерделеп, әлемге жаңаша за­манауи түрде дәріптеуге үндейді.
Мақала кіріспеден, екі ірі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Мақалада алты ірі жаңа жоба ұсынылып отыр. Олар қазақ тарихын зерттеуге және Қазақстан мәдени мұраларын насихаттауға бағытталған. Шын мәнінде, біздің Ұлы даламыздың ғалам мәдениеті мен өркениетінде өзіндік ойып алар орны бар екені рас. Оған ешкімнің таласы болмауы тиіс. Тек соны нақтылап, шегелеу үшін алдымен оның мәні мен маңызын өзіміз жете түсініп, түйсінуіміз керек.
Бұл бастама «Рухани жаң­ғыру» бағдар­ла­масы­­ның жалғасы ретінде қа­ра­лады. «Рухани жаң­ғыру» жалпыұлттық бағ­дар­ла­масының жаңа компо­нент­тері ата-баба­ларымыз­дың көп ғасырлық мұрасы­ның цифрлық өрке­ниет жағ­дайында түсі­нікті әрі сұ­ранысқа ие болуын қамтамасыз етеді және оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» – деді Елбасы.
Бұдан кейін профессор Ж.Симтиков мақаладағы не­гізгі тұжырымдар мен ұсы­ныстарға талдау жасап шықты.
«Мұның барлығы қазақ­та ғылымның, зиялы орта­ның және жоғары мә­де­ниеттің болғанын көр­сететін басымдықтар. Осы­ны бас­шылыққа алып, бүгінгі кей­бір сте­рео­тип­терді жойып, жа­ңа­ша ұғым, көзқарас қалыптас­тыруы­мыз керек. Дәл біздің даламыздан бастау алған мәде­ниеттердің игілігін дүние жүзінің әлі күнге дейін көріп отырғанын дәріптеуіміз қа­жет. Мұндай қадам Ұлы даланың тарихын тым те­реңнен бастап, бірнеше мың жылды қамтуды та­лап етеді. Сондықтан түр­кі дүниесімен бірге ғұн, сақтарға дейінгі ата тарихымызды тыңғылықты зерттеп, зерделегеніміз абзал», – деді баяндамашы.
Университеттің «Рухани жаңғыру» жобалық кең­сесінің директоры, профессор Борасын Иманбердиев Елбасы еңбегінің «Рухани жаңғыру» үдерісін одан әрі дамытуға қосылып отырған елеулі үлес екенін атап көрсетті. Педагогика және психология институтының 2 курс студенті Серік Тәтенов бүгінде білім алушылардың барлығы жаппай Елбасы еңбегін оқып, оны бірауыздан қолдап отырғанын атап айтты.
Баяндамашыларға көп­теген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар қайтарылды. Университет проректоры Ж.Ішпекбаев өзінің қорытынды сөзінде Пре­зиденттің «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық еңбегін студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында кеңінен түсіндіру және насихаттау, баспасөз беттерінде пікірлер ұйымдастыру және нақтылы іс-шаралар жоспарын қабылдап, университет бойынша «Жол картасын» әзірлеу қажеттігіне тоқталды.

Мырзахан АХМЕТОВ,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

Жауап қалдыру