Біз ұлы дала мұрагерлеріміз

0
32

Талдықорғанда, мемлекет басшысы Н.Ә.Назар­баевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын іске асыруға бағытталған дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Елбасы «Егемен Қазақ­стан» газетінің бетіне жария еткен мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырған. Онда ұлы даланың жеті қырын: «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы дала­дағы ежелгі металлургия», «Ал­тын адам», «Түркі әлемі­нің бесігі», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Аң стилі» деп бөлінген.
Олимпиада чемпионы, Жақ­сылық Үшкем­­піров­тің ай­туынша, бұл мақала пре­зи­денттің қазақстандық­тар­дың рухани баюына арнал­ған екінші қадамы.
– «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады». Міне осылай басталатын мақаладан әр қазақтың баласы ерекше шабыт алды деп ойлаймын. Себебі, онда біздің тарих, мәдениет, ата-баба өсиеті ерекше көрініс тапқан. Бұл президенттің ха­­лықтың рухани баюына ар­налған екінші қадамы, – дейді ол.
Аталған жиынға БАҚ өкіл­дерімен қоғам белсенділері қатысты. Өз ойын орта­ға салған І. Жансүгіров атын­дағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Рухани жаң­ғыру» ғылыми-білім бе­ру орталығының жетекші ғы­лыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қасабек, мемлекетіміз үшін аса өзекті және стратегиялық маңызды тақырып көтерілгені туралы айта кетті.
– Ендігі біздің міндетіміз – осы құжаттың түп-төркінін, мә­нін жастарға жеткізу. Жә­не олардың жүрегіндегі қазақилықпен патриотизмді күшейту болып отыр, – дейді профессор.
Жарық көрген жаңа мақа­ланы жан-жақты талдап үл­гер­ген облыстық екі газет «Жетісу» және «Огни Ала­тау» редакторлары да өз пікірлерімен бөлісе кетті. «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Иди­говтың ойынша, ұлт көшбас­шысының барлық жазған ма­қалаларымен жолдаулары қазақ елінің өркендеуі үшін жасалған. Осыған сәйкес еліміздің дамығын 30 елдің қатарына кіруі де алыс емес.
– Ұлы даланың ғажа­йып өркениеттері туралы жазыл­ған мақала барлығы­мызды қуантты. Өйткені, шын мә­нінде біз ұлы дала мұра­герлеріміз. Сондай-ақ, осы даладан әлемнің түкпір-түк­піріне біздің өркениет тара­ған, – дейді «Жетісу» га­зетінің редакторы Әміре Әрін.

Аманжол КӨКШЕР

Жауап қалдыру