Білім саласы биік тұғырға көтерілмек

0
79

Үстіміздегі жылғы 5 қазанда Елбасы халыққа кезекті жолдауын жария етті. Ел болып жолдауды ұйып тыңдадық, бірауыздан қолдау таныттық. Жолдау халықтың жай-күйін тебірентіп жүрген түйткілді мәселелерді нық қамтыды. Мемлекет басшысы әрбір үндеулері, жолдаулары мен бастамалары халықтың интеллектуалдық әлеуеті, әлеуметтік деңгейі, тұрмыс жағдайы мен көңіл-күйін көтеруге арнап келеді.
«Біздің балалар – әуенің балалары» деп атап өткен Елбасы, алдағы бес жыл ішінде отандық білім мен ғылымды дамытуға, оның жетістіктерін өмірге ендіруге көңіл бөлу қажеттілігін айта келе, мектепке дейінгі білім беру мәселесін өзекті деп айқындады. Бала­бақ­шалардағы қызмет­кер­лердің еңбекақысын көтеру мен әдістемелік бағдар­ла­малардың тетігін жөнге келтіруді ұсынды.
«Ұстаз мәртебесі туралы» заңның қабылдануын ұсынған Елбасының бұл бастамасы – Ұстаздар күніне орай мұғалімдерге деген бір құрметі деп түсі­неміз. Еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру сапасын таразыға салуды бұйырған Елбасы мұғалім­дердің мәртебесін көтеруді алға тартты.
Сондай-ақ келесі жылды «Жастар» жылы деп жариялауы, жастардың бойындағы азаттық рухтың биіктеуі, ұлтына, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыратыны ақиқат. Елбасының «Өз еліңді танып біл» жобасын қолға алуы өлкетану жұмысын жаңғыртуға сара жол ашты. Тарих, мәдениет және табиғат ескерткіш­терін зерделеп, өлкенің эко­логиялық мәдениетін, өз жерінің табиғатын бақы­лауға мүмкіндік береді. Бұл тарихшылар үшін үлкен жауапкершілік деп білемін.
Президенттің халыққа Жолдауындағы тапсырмалар мен міндеттерді әрбір қазақстандық жете түсінсе, ел дамуына түйірдей болса да үлес қосар патриот азаматтар көбейетіні сөзсіз.

Ақнұр ОРАЛОВА,
тарих ғылымдарының магистрі

Жауап қалдыру