Білім мен ғылымның көкжиегі

0
86

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.На­зар­­баевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы ғылыми қауымдастық арасында аса үлкен серпіліс туғызды. Күні кеше ғана жолданған құжатта білім беру, мұғалімдердің статусы, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салалары секілді аса маңызды мәселелер көтерілген.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің барлығы – білім, оқу ар­қылы жасалған. Білім алу сипаты әртүрлі екенін ес­керсек, заманауи білім беру жүйесінің мақсаты – бәсе­кеге қабілетті, жан-жақ­ты, көп тіл білетін маман да­йын­дау. Осы орайда білім са­ла­сы Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың назарынан ешқашан тыс қалған емес. Мұның Елбасының осы жолғы Жолдауында айтқан мәлімдемесінен байқауы­мызға болады. Мемлекет басшы­сы өз сөзінде: «Білім сапасын бағалау жүйесі ха­лық­аралық стандарт­тар­ға негізделуге тиіс. Орта мек­тептердің өзінде бала­ларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды», – деп атап өтті.
Сондай-ақ «Педагог мәр­тебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санауы оң шешім деп ойлаймыз. Себебі білімді ұрпақ, саналы жастар тәрбиесі ең алдымен ұстаздар қауымынан қа­лыптаспақ. Сондықтан елі­мізде ең алдымен педагог мамандардың мәртебесі биік болуы маңызды. Және де Елбасының нұсқауына сәйкес біз білім беру ісінде 4К моделіне креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға бағыт алуымыз және экономикалық өсудің жаңа моделін қалып­тас­тыруымыз қажет.
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында да білім сапасы артып келеді. Облысымызда сапалы білім беру ісіне ұдайы көңіл бөлінуде. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің желісін кеңейтуге де ерекше назар аударылуда. Мұнымен қоса, ЖОО-да алдыңғы қатарлы шетелдік оқу орындары және халықаралық қорлармен бірлескен жобалар белсенді жү­зеге асырып келеді. Цифр­лық университет жобалары бас­тау алуда. Алдағы уа­қытта да тұтастай алғанда жастарға терең білім беру мен білікті мұғалімдердің тәрбие жұмысымен қалыптастыруда жүйелі жұмыс жүргізу мә­се­лесі қатаң ұстаным ре­тінде болуы керек. Сонда ғана білім сапасының арта­тыны сөзсіз. Ғалымдар, оқу­шылар, студенттер бол­сын, жұмыскерлер бол­сын қоғамның әр мүшесі бола­шақта өзінің даму жолдарын осы Жолдаудан айқын кө­ре алатынына сенімдімін. Әри­не, басты мақсат – дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Н.Назарбаевтың бұл Жол­дауы кез келген сала маман­дарына әрі қарайғы жұмы­сының дөңгелеуіне оң серпін бермек.

Нақыш ФАРИДА,
Тараз қалалық заманауи
гуманитарлық-техникалық
колледжінің директоры

Жауап қалдыру