Білім биігіне серпін

0
138

Жылдың басты құжаты болып саналатын Елбасы Жолдауы Тәуелсіз еліміздің бағыт-бағдарын айқындауда маңызды орынға ие. Н.Ә.Назарбаев қашанда өз Жолдауында маңызды әрі күрделі мәселелерді көтеріп, сол мәселелердің ілгері басуы жолында нақты тапсырмалар белгілейді. Осы орайда білім беру саласы Елбасы назарынан тыс қалған емес.
Әр жолдауында білім беру ісіне қолдау көрсетіп, білім берудің жаңа көрсеткіштерін ұсынып келеді. Осы жолғы «Қазақстан­дық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арт­тыру» атты Жолдауында да білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігін атап өтті. Сондай-ақ өз сөзінде Елбасы: «Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде со­лардың орындалуына баса на­зар аударған жөн. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стан­дарттарға негізделуге тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Бұл оқытудың жеке бағдарын жасау­ға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Ал «Педагог мәр­­тебесі туралы» заңды әзір­леп, қабылдау қажет деп санауы барша мұғалімдер қауымы үшін де тиімді болмақ. Себебі, мұға­лім­дер жүктемесі азайып, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс жұмыстары азаяды. Ал бұл дегеніміз – мұғалімнің шәкірттерге сапалы білім беруге уақыты көбі­рек болуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар «Білім беру ісінде 4К моделіне: креатив­ті­лікті, сыни ойлауды, ком­муни­ка­тив­тілікті дамытуға басты на­зар аударылуда. Бұл сала­да білік­тілік талаптарын, оқу әдісін, тәр­биешілердің және балабақ­ша­дағы басқа да қызмет­керлердің еңбегіне ақы төлеу жү­йесін қайта қарау қажет» дегені де осы сала қызметкерлерінің мәртебесін жоғары қойғаны деп білеміз. Халықаралық стан­дарт­тарға сай заманауи оқу бағдар­ламаларын жүзеге асыру сауат­та­лық пен жан-жақты ойлау қа­білетін дамытады. Елба­сы Жолдауы білім беру ісіне қол­даудың, мемлекеттік қам­қор­лық­тың жарқын үлгісі. Ендеше, әл-ауқатты ел болу ең алдымен білімді талап етпек. Ендігі біздің міндет – Елбасы тапсырған ке­шенді міндеттерді іске асыру мақсатында жұмыла еңбек ету.

Эльмира ӘБІШЕВА,
Жамбыл облысы Жуалы ауданы
Бауыржан Момышұлы ауылы
№1 мектеп-гимназиясының директоры

Жауап қалдыру