Бейбітшілік пен қоғамдық келісім тірегі

0
140

Әрбір қазақстандық Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауын асыға күтеді. Себебі, Жолдауда еліміздің келешек дамуына нақты жол нұсқалады. Ал осы жолғы жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауда барлық маңызды деген мәселелер көтерілді.
Онда денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, тұр­ғын-үй, индустрияландыру мәсе­­лелері, ауыл шаруашылығы ке­ше­нін іске асыру, экономиканы өркен­дету секілді міндеттер бас­ты назарға алынды. Бұл атал­ған мәселелерді қолға алып, же­дел түрде оң нәтижеге қол жет­кізу экономикасы қарқынды да­мып келе жатқан заманауи прог­рес­сивті мемлекетіміздің әрі қа­рай өркендеуіне мүмкіндік бе­ре­ді.
Сондай-ақ келер жылдың яғни 2019 жыл – Жастар жылы деп аталуы да жастарға үлкен сенім артқандығын көрсетеді. Бұл шешім – үлкен маңызға ие. Себебі жастар Елбасының қазіргі және болашақ Жолдауларын іске асырушы. Өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің тұтқасын берік ұстайтын да осы Жастар.
Мұнымен қоса, Жолдауда сол жастарды тәрбиелеуде бас­ты рөл атқаратын педагог ма­ман­дар­дың да мәртебесі жа­йын­да сөз қозғауы барша ұстаздар қауы­мына тағы да бір сер­пін берді. Елбасы өз сөзін­де «Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арт­ты­руға деген зор сенім ұяла-тады. Біз жаңа міндеттерді атқа­руға дайынбыз» деп айтқан бола­тын. Сондықтан, баршамыз мемлекет басшысының алға қо­йып отыр­ған мәселелерінің бар­лы­ғын бі­ра­уыздан қолдап, бү­гін­де атал­ған тапсырмалары бойын­ша нә­ти­желі жұмыстар атқа­рып ке­ле­міз.
Алдағы уақытта әл-ауқаты мен пен тұрмыс сапасы жоғары ел болып, қарқынды даму үшін алдымен ауызбіршілік, кейін аян­бай жасалған еңбек қажет. Сол себепті Елбасы сенімін ақтай отырып, бойымыздағы бар күш-жігерді жинап, ынтымақтастықпен Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік болуына атсалысуға тиіспіз.

Белгібай ҚАНАФИН,
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты,
«Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық
тәжірибе станциясы»
ЖШС директоры

Жауап қалдыру