Тәуелсіздік – ұлық күн

0
29

Құрметті достар! Енді са­наулы күндерден кейін ел­дігіміздің бойтұмарындай болған Тәуелсіздік күнін той­лай­мыз. Бұл – халқымыз үшін аса қасиетті әрі қас­терлі мереке. Өйткені біз азаттықтың арқасында әлем­дік қауымдастыққа етене еніп, оның толық мүшесі атандық. Ешкімге жалтақтамай, ертеңі­мізді өзіміз бағамдайтын, сая­са­тымызды ұлттық мүд­деге сай жүргізетін деңгей­ге жеттік.
Елбасымыздың дана бас­шылығымен тәуелсіздік жыл­дарында ел дамуының жаңа экономикалық және саяси негізі қалыптасты. Халықтың әл-ауқаты мен әлемдік дең­гейдегі абырой-беделіміз де айтар­лықтай арта түсті. Сон­дықтан Тәуелсіздік күнін атап өтуде Отанға деген махаб­баттың жарқын үлгісін көр­сету әр қазақстандықтың аза­маттық борышы болуы тиіс. Ол үшін мемлекеттік дең­гейдегі мерекелік іс-шара­лармен шектелмей, әр адам тәуелсіздік мейрамын той­лауға аз да болса өз үлесін қосуға тырысуы қажет.
Осыған орай барша жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорын­дарды және халыққа қызмет көрсетіп отырған жеке ұйым­дарды Тәуелсіздік күнін нағыз елдіктің, егемендіктің мерекесі ретінде атап өтуге шақырамыз. Яғни мереке күн­дері сөрелер мемлекеттік рәміздердің түсімен безен­діріліп, қызметкерлер ұлттық нақышқа сай киімдер кисе, сауда орындарында арнайы акциялар мен жеңілдіктер сияқты бірегей бастамалар қолға алынса мерекенің ма­ңызы мен мәні одан әрі арта түсетіні анық.
Қалай десек те, бұл күн­дері әр қазақстандық ме­ре­келік көңіл-күйге бөленіп, бар­лық қоғамдық орындарда тәуелсіздіктің мәні мен маңы­зы айқын сезіліп тұруы тиіс. Сол кезде біз ата-бабамыз аң­саған азаттықтың бағасын пайымдап, жаңа Қазақстан та­рихындағы ең ұлық күнге деген құрметімізді көрсетер едік.
Егер осы бастамаға бәріміз бір кісідей атсалысып, өз үле­сімізді қоссақ, Тәуел­сіз­дік күнінің шын мәнінде жал­пы­ұлт­тық және әр қа­зақстан­дық­тың асыға күте­тін ең басты мерекесіне айна­ла­тынына кәміл сенемін.

Мәулен ӘШІМБАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы
Төрағасының Бірінші орынбасары

Жауап қалдыру