Ұрпағымызға қарыз қалдырып кетіп жүрмесек екен

0
82

Әдетте сұxбат бергенде күліп отыратынмын, бірақ бұл жолы қабағым қатулы. Себебі тақырып та өте маңызды: «Мемлекеттің қа­рызы артқан». Кейбір азаматтар үшін бұл қа­лып­ты құбылыс сияқты, бірақ мен олай ойламаймын.
Жалпы мемлекеттің қарызы $168,9 млрд. Оны xалық санына бөлсек әр адамға, жөргектегі ба­ла­ға дейін $9 000 болады. Әрине экономист бол­ған­нан кейін айтқым келеді, тура осылай есепке алған дұ­рыс емес.
Себебі әлгі $170 млрд жуық қарыздың ең көп бөлігі 105 млрд доллары фирмааралық берешек болып табылады. Бұл негізінен Қазақстанға тар­тыл­ған инвестиция деп айту­ға болады. Бұндай қарыз­дың болғаны орынды ол экономиканың дамуы­на септігін тигізеді. 9,1 млрд доллар ол қаржы секторы­ның қарызы. Бұл қарыздың үлесі азайған, оған құдайға шүкір деп қояйық.
Ал үкіметің өзінің қары­зы 13,2 млрд доллард­ы құрайды. Сондай-ақ бар­лық жерде үкімет осы қаражатты көрсетіп, «бұл айтарлықтай көп сома емес» дейді. Тоқтай тұры­ңыздар егер жоғары­дағы сандарды қоссақ 127,3 млрд доллар шығады. Қалғаны қайда?
Ол 40 млрд доллардан ас­там қаражат бұл квазимемлекеттік сектордың қарызы. Ол ұлттық компаниялар мен xолдингтердің қарызы. Бұл қарызды да мемлекеттік қарызға қосып есептеу керек, себебі ол негізгі акциясын иемденетін мемлекет болғандықтан, ертең қарызды бұл компаниялар қайтара алмаса мемлекет араласатын қарыздар. Сондықтан мұны ашып айту керек.
Шамамен барлық сома 53 млрд доллардан асып жығылады. Бұл алаңдауға тұрарлық мәселе, xалық санына бөлсек жөргектегі нәрестеге дейін 3 000 доллар болып шыға келеді. Бұл аз ба, көп пе? Айт­қым келгені келешек ұрпақ үшін деп құрылған Ұлт­тық қордың түбіне же­тіп, ұрпағымызға қор емес қарыз қалдырып ке­тіп жүрмесек екен…

Мақсат ХАЛЫҚ

Жауап қалдыру