Ұрпағымызға қандай тәрбие берудеміз?

0
27

Тағы бір оқу жылы аяқталды. Мектеп біті­рушілер кешегі соңғы қоңыраудан кейін құдды бір айдан ұшып келгендей «Лимузин» одан басқа автөліктермен шеруге шыққанын ненің белгісі деп қарауымыз керек? Егер сіздің балаңыз мектеп бітіріп жатса осындай қошеметке келісер ме едіңіз?
Оның сыртында аттестат алған күнгі «Мейрамхана» салтанатын қосыңыз. Біз сон­да ұрпақты қандай бағытта тәрбиелеп жатыр­мыз? Осы жағын білім басқармалары неге тежемейді? Оған қоса ата аналар да мектеп әкімшілігі де неге осы жағын ойластырмайды? Жалпы мектеп бітірушілерді кернейлетіп-сырнайлатып шеруге шығаруды жалпы кім ойлап тапты екен? Осы жағынан министрліктің хабары барма екен?
Содан кейінгі тағы бір мәселе: Алматыдағы ең таңдаулы деген мектеп-лицейдың кез келгеніне барып, үзіліс кезінде сырттан бақылап қарасаңыз тіпті таң қаласыз. Бір-бірімен қойыртпақ тілде шүлдірлескен жат біреулер. Сонда біздің елдің, тілдің, ұлттық мүдденің келешегі қалай болмақ. Шын мәнісіндегі «Рухани жаңғыруды» балабақшадағы және мектептегі өз ана тілімізде дұрыс оқытудан және дұрыс сөйлеуден бастасақ, соны ата-ана және мұғалімдер қауымы болып қолға алсақ атымыз арып, тонымыз тоза қоймас еді, ә. Сіз қандай пікірдесіз?

Бақыт ЖАҒЫПАРҰЛЫ

Жауап қалдыру