Ойланбаңыз! Бастаңыз!

0
29

Адам ғұмыры орта есеппен 70 жас дейтін болсақ, оның үштен бірі (шамамен 23 жылы) ұйқымен өтеді екен. Сонда қалған 47 жастың шамамен 10 жылын балиғатқа дейінгі бала («ессіз») кезге баласақ, одан қалған 37 жыл сіздің саналы ғұмырыңыз. Одан тағы да өмір сүрген өткен жылыңызды алыңыз… Сонда не қалды?! Әрі 70 жасқа келетініңізге кім кепіл?! Ойланарлық, әрі адамға үрей салатын дүние!
Негізі әр жағдайға ауыр-жеңіл, қиын-оңай деп баға беретін – өзіміз! Шындап алғанда, адамның мүмкіндігі талай істі қатар, кез келген жаста әрі жеңіл алып жүруге қабілетті екенін талай ғалым жазды. Осы мәселе мені де талайдан бері толғантып жүрген еді. Ештеңеге қарамастан күнді береке мен ырысқа толтырып, денсаулыққа күтім жасау мақсатымен ерте тұрып әрекет қылуды бастадым. Сөйтіп, таңғы сағат 4-те тұрып құлшылық қылып, (қазір оразада кезінде 3-те тұрып) ертемен үздіксіз жүгіріп жүргеніме бүгін 34-ші күн. Әсер керемет! Әр таңдағы «тіршілік кестеммен» Құдай қаласа, осыны 40 күнге толтырып барып бөлісемін. Ойланбаңыз! Оған уақытыңыз жоқ! Бастаңыз! Бітті!

Ертай НҮСІПЖАНОВ

Жауап қалдыру