Мемлекет қаржысы мемлекеттік тілге қызмет етсін!

0
35

«Биыл ҰБТ жауаптары сатылмайтын болды» – деп бір радио қуана хабарлап жатыр. Дұрыс-ақ. Жалпы мемлекеттік білім грантын тек қазақ тілінде оқитын түлектерге ғана бөлінуін бүкілхалық болып талап етуіміз керек. Егер, орыс тобында білім алғылары келетіндер болса, ақысын төлеп оқи берсін, мархабат! Біз неге еліміздің ұлттық университеттерінде орысша білім алған соң Ресейге барып еңбек ететін жастарға мемлекеттен қаржы бөліп, шығындалуымыз керек? Олай болса, еліне жаны ашитын, шын патриот әр азамат білім грантын ешкімнің ұлтына, шығу тегіне қарамастан тек қазақ топтарында оқитын жастарға ғана берілуін талап етуге тиіспіз! Мемлекет қаржысы мемлекеттік тілге қызмет етсін!
Қуандық Шамахайұлы

Жауап қалдыру