Көше сыпырған аналар

0
64

Бұл оқиғаға куә болған кісінің айтуынша, сол күні ол таңертең аэропорттан араб елінен келетін мәртебелі қонақты күтіп алған көрінеді. Ұшақтан түскен шейхты арнаулы көлікпен мейманханаға апара жатқан жолда көше сыпырып, қоқыстарды тазалап жүрген әйелдерді көріп араб шейхы «мыналар кім?» деп сұрапты. Ол бұл сұрақтың мәнісіне онша көңіл аудармай «а, бұлар көше сыпырушы әйелдер ғой» депті жайбарақат. Шейх «олар мұсылман ба?» дейді. Ол болса « иә, алхамдулилаһ» деп жауап беріпті. Шейх мұны есітіп еңіреп жылап жіберіп: «қалайша, қашаннан бері біз мұсылмандар аналарымызды осындай жағдайға жеткізіп қойдық, өз аналарына көше сыпыртып қойған бұл қандай заман болды?» деген екен. Оның соншалықты өкінішпен қайғырғанын көріп, бұл да өзін қоярға жер таппай терлеп кетіпті. «Сонша уақыт осы жолмен өтіп жүріп, осы әйелдерге көңіл бөлмегеніме өзім де қатты ұялып кеттім» дейді ол ағынан жарылып…

Тұрсынбек ТҰРАПБЕК

 

Жауап қалдыру