Емтихан бағасының маңызы болмауы мүмкін

0
20

Сингапур мектебінің директоры бұл хатты оқушылардың ата-аналарына жазған екен. Хатты балалары мектепке баратын әлемдегi барлық ата-аналар оқыса деймін.
«Құрметті ата-аналар. Жақында ба­ла­ларыңыз емтихан тапсырады. Бала­лар­дың оны жақсы бағаға тапсыруы бар­лық­тарыңызды қатты алаңдататынын бі­лемін.
Алайда, мына нәрсе естеріңізде болсыншы: оқушылардың арасында емтиханда математиканы толық білуді қажет етпейтін суретші болады. Тарих немесе ағылшын әдебиеті ол үшін аса маңызды болмайтын кәсіпкер бар. Химияны керек етпейтін музыкант болады. Дене шынықтыру физикадан аса маңызды болатын спортшы болады.
Балаңыз жақсы бағаға тапсырса керемет. Егер олай болмаса, балаларды өз-өзіне деген сенімінен айыра көрмеңіз.
Бұл қалыпты жағдай, бұл тек емтихан ғана екенін айтыңыз. Оларға өмірде емтиханнан анағұрлым маңызды дүниелер жасай алатынын айтып жеткізу қажет. Қандай баға алса да, балаңызды бәрібір жақсы көретініңізді және оны мінеп-сынамайтыныңызды айтыңыз.
Осының бәрін айтқан соң, өмірде олардың табысқа қалай жеткенін байқап қана отырыңыз. Бір емтихан немесе нашар баға бала қиялының қанатын сындырып, жігерін құм етпеуі керек.
Және де бір өтінерім, дәрігерлер мен инженерлер, дүниедегі жалғыз бақытты жандар деп ойламаңыз.
Ізгі тілекпен, мектеп директоры»

Марғұлан СЕЙСЕНБАЙ,
(Фейсбук парақшасынан).

Жауап қалдыру