95 пайызың қазақ, неге орысша сөйлейсіңдер?

0
223

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған кеңес отырысында «Нұр Отан» мүшесі тек қана орыс тілінде сөйлеп отырған Ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне ұрсып тастағандай болыпты.
Бұл туралы журналист Манас Бистаев өзінің парақша­сында жазыпты:
«Нұр Отан» партиясының мүшесі, ҚР Президенті мұ­ра­ға­­тының директоры Борис Жапаров полицейлерге қатты ұрсып тастады:
«Мен бейне бір Нижний Нов­городтың құқық қорғау органдары қызметкер­лерінің жиналысында отырған­дай­­мын. Бұл не масқара, қазақ ті­лінде бір сөз айтпа­дың­дар ғой?!
Халық санағы көрсеткен­дей, елдегі қазақтар халық­тың 70 пайызын құрайды екен.
Ал мына жерде 95 пайыз қазақтар отыр, сендер неге басқа елдің тілінде қақылдап сөйлеп отырсыңдар?!
Сонда не, «орысша сөй­лесек қа­ладағы қылмыс дең­гейі азай­ды» деп ойлай­сың­дар ма?
Шынымен солай болса, онда келісер едім. Туған мем­ле­ке­тіңді, туған тіліңді сый­лау керек қой.
Мына «жемқорлықпен кү­рес­терің» де өтірік күрес сияқ­ты. Жемқорлықтың се­бебі­мен емес, содан туын­да­ған салдарымен күресіп ке­ле­міз.
Мысалы, Гүржістан бір жарым жылдың ішінде поли­циядағы орта және төменгі деңгейдегі коррупцияны тамырымен жойды. Мемлекет Ішкі істер орган­дарының қыз­мет­кер­леріне сонша­лықты аз ақ­ша төлеп отыр ма? Өз­бек­станға барып, Таш­кент­тегі гаишникке 2 доллар беріп көрші, ол саған рахметін жаудырады. Ал бізде қалай? Ұят деген болу керек!», – дегені сол-ақ екен, Борис Джапаровтың бұл сөзінен кейін Алматы қала­сының ІІД офицер­лері тол­ған зал ду қол шапа­лақ­тап кетіпті.
Енді ойланатын шығар, дейміз. Полицейлер де, біз­дер де, сіздер де ойла­найық та…

Дайындаған
Айдын ОЛЖАЕВ

Жауап қалдыру