«Жыл басы – Наурыз» атты көрме ашылды

0
32

Жуырда Шаймардан Сариев атындағы Атырау об­лыс­тық көркемсурет және қол­данбалы сән өнері музейін­де Ұлыс­тың ұлы күніне ар­нал­ған «Жыл басы – Наурыз» атты көрме ашылды.
Мұнда жергілікті қол­өнер ше­бер­лерінің еңбектері мен елі­міз­ге танымал су­рет­ші­лер­дің ұлт­тық салт-дәс­түр­ді бей­нелеген үздік шы­ғар­ма­ла­ры қойылған. Ай­та­лық, бел­гі­лі қылқалам ше­бе­рі Кә­ми­ла Жапалованың «Күн мен түннің теңелуі» ат­ты туын­ды­сында таби­ғат­тың жа­са­рып-жаңаруы сан алуан бояумен шебер өрнектелсе, Стефани Шеппардтың «Киіз үй­дің іші» атты шығармасы Ұлыс­тың ұлы күнін тойлап жат­қан отбасының көңіл-күйі­нен хабар береді. Сондай-ақ, жер шарының шағын бей­не­сін елестететін киіз үй­дің әр бөлігі суретте сәтті кө­рі­ніс тапса, неше түр­лі дәм қойыл­ған қазақы дас­тар­қан ұл­ты­мыз­дың мейірбан жү­ре­гі мен қо­нақ­жай көңілін паш етіп тұр­ға­нын байқайсыз.
Әйгілі итальяндық әнші өнер көрсетеді
Таяуда 3-сәуірде «Астана Опера» сахнасында и­таль­ян­дық жетекші опера ән­ші­ле­рі­нің бірі бірінші рет La Scala сопраносы Доната Д’Аннун­цио Ломбарди өнер көр­се­те­ді деп кү­тілуде. Ол Дж. Пуччи­ни­дің «Богема» операсында Мими пар­тиясын шыр­қа­мақ.

Жауап қалдыру