Жолдауды іске асыру тетіктерін ұсынды

0
121

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов кеңейтілген кеңес барысында Пре­зидент Жолдауының барлық бағыттары бо­йынша нақты инди­ка­торлары және атқару мерзімдері бар толық жоспарды ұсынды
Облыс әкімі Жолдау ба­ғыт­тарына жеке-жеке то­қ­тала келе, аймақта ат­қарылған жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ Ел­басы жүктеген міндет­тер­ді еске отырып, алдағы мін­дет­терді айқындады.
Бірінші кезекте Даниал Ахметов «7-20-25» бағдар­ламасы бойынша жергілікті бюджеттен бастапқы жар­наларды ішінара субси­дия­лау механизмін құруды тапсырды.
Сондай-ақ аймақ бас­шысы медициналық қыз­мет­керлерді шетелде оқы­туға бөлініп отырған бюджетті екі есе өсіруді тапсырды. Тұрғындардың денсаулығына әсер ететін факторлардың бірі – сапалы ауызсу. Даниал Ах­метов 2025 жылға де­йін 86 пайыз ауылдық ел­ді мекенді орталықтан­­дырылған сумен жаб­дық­тау жүйесімен қам­та­ма­­­сыз ету міндетін қойды.

Жауап қалдыру