Жетісу табиғаты блогерлерді тәнті қылды

0
23

Алматы облысының ішкі туризмін дамыту мақса­тында ұйымдас­тырылған «Re-Public» блог-туры мәре­сіне жетті. Бұл шара Елба­сының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдар­лама­сында көрсетілген отан­дық туризмді дамыту тапсыр­масы аясында ұйымдас­ты­рылған болатын.
Блог-турға Ақтау, Шымкент, Семей, Қарағанды, Қостанай, Орал, Көкшетау, Алматы қала­ларынан 50-600 мыңға дейінгі жастар аудиториясын қамтып отырған әлеуметтік желі парақшаларының әкімші­лері қатысты. Бір аптаға со­зыл­ған блог-тур бары­сында Қазақстанның әр түпкірінен жиналған блогерлер Түрген сарқырамасы, Есік, Қайыңды, Көлсай көлдері, Шарын шат­қалы, Әулиеағаш, Жаркент мешіті, Алтынемел мемле­кеттік ұлттық саябағы және Бұр­қан­бұлақ сарқырамасына саяхат жасаған болатын. Олар­дың сапары Талдықорған қала­сында аяқталды. Саяхат­шы­ларды Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев пен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев бастаған Жетісу жастары күтіп алды. Алқалы жиында блогерлер бір апта бойы алған әсерлерімен бөлісіп, екі тарап өзара пікір алмасып, естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Шара барысында «Шырайлы Шымкент» әлеуметтік парақ­шасының әкімшісі Абзал Әуелбеков, «Re-Public» сын­ды жобалар еліміздің ішкі туриз­мін дамытуда үлкен үлесін қо­са­ды деп білемін. Бір апта бойы Алматы облысының кө­рік­ті жерлерін көріп, үлкен әсер алдық.

Жауап қалдыру