Жерасты ыстық сулары кәдеге жарайды

0
60

Жерасты байлық көздері электр қуаты мен жылу өндіру үшін қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz.
Мұндай тәжірибе Исландия, АҚШ, Канада және Түркия елдерінде кеңінен қолданылады. Алдағы уақытта Қазақстанда да алғашқы геотермалды стансалар іске қосылуы ықтимал, өйткені бастапқы жұмыстар қолға алынды.
Геотермалды стансаның ерекшелігі сол, жүйе күн көзінен және құбылмалы ауа райынан тәуелсіз жұмыс істей алады.
Осындай стансалардың тиімділігі 96 пайызға тең. Яғни күн панельдерінен 5 есе жоғары энергия өндіре алады дегенді білдіреді. Алдын ала деректерге сүйенсек, елдегі жерасты ресурстары ел аумағының төрттен бөлігін ыстық сумен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Жауап қалдыру