Жер аударылуы туралы залдар ашылады

0
22

Қазақстан xалқы Ассамб­леясы кеңесінің кеңей­тіл­ген отырысында алдағы уақыт­та еліміздің бар­лық музейлерінде түрлі xалық­тардың Қазақстанға жер ау­да­рылуы туралы көрме ашы­ла­тындығы белгілі бол­ды.
Осындай залдардың алғаш­қысы Астанадағы Ұлттық музей­де ашылды. Бұл залда 818 заттай жәдігерлер мен 191 экспонат қойылған. 470-тен астам заттай айғақтар мен құжаттар Қазақстанға көшірілген 38 этнос туралы мағлұматтардан тұрады.
Көрмеде ҚР Ұлттық мұраға­тының, Орталық Мемлекеттік фотоқұжаттар мен қолжаз­балар мұрағатының, ҚР Тұңғыш Президентінің мұра­ға­тының құжаттары қол­даныл­ған. Сонымен қатар «Болгар­лар» блогының 10 затын Қазақстандағы Бол­гария елшілігі ұсынған. «Келісім» қоғамдық қоры «Корей му­зыкалық театры» атты тақы­рыппен 46 кітап, 100 фото­құжат табыстады.

Жауап қалдыру