Жамбыл сыйлығының су жаңа лауреаттары

0
182

Алматыда Халықаралық Жамбыл сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты жиын болып өтті.
Халықаралық Жамбыл Жа­баев қоғамдық қорының қол­дауымен тағайындалған бұл атау­лы сыйлық біраз жылдан бері жыр алыбының рухани мұрасын насихаттауда үлес қосып, қазақ мәдениеті мен өнері саласында елулі та­быстарға жетіп жүрген аза­мат­тарға беріліп келеді. Биыл аталған сыйлықтың иегерлері тағы алты адамға толықты. Су жаңа лауреаттардың арасында елге есімі танымал журналистер Жұмаш Арғынбаев пен Талғат Сүйінбай, белгілі фотосуретші Нұрманбет Қизатұлы, айтулы ақын Болат Шарахымбай, кино­актер Байғали Есенәлиев, киносценарист Семетай Шор­мақов, шежіре жинаушы Асқар Селеубаев  бар.
Жиын соңында белгілі жазу­шы, жамбылтанушы Наға­шыбек Қапалбекұлы, Халықаралық Жам­был Жабаев қоғамдық қоры­ның төрағасы, ақын Манар­бек Ізбасар сөз сөйлеп, әріп­тестеріне ұзақ ғұмыр, шығар­­машылық табыс тіледі.

Лаура ҚАСЫМБЕК

Жауап қалдыру