Жаман ой жанды аздырады

0
138

Адам баласы дүниеге ақ парақ­тай таза болып келеді. Алайда кейде өмірдің түрлі кезеңдері мен қиындықтары адам жанын құла­зы­­тады. Соның салдарынан жаман ойлар мен үмітсіздік ұялап, күй­зе­ліске ұшыратады. Ойы­ңызды жа­ман әдеттерден арылтқыңыз кел­се, тө­мендегі кеңестерге құлақ салы­ңыз:
– Айтылған жаман пікірлерді қабылдамауға тырысыңыз;
– Ойдағы жаман ойды арылтуда спортпен айналысу жақсы көмек­теседі;
– Табиғат аясына шығып, жиі демалып тұрыңыз;
– Уайымдаған сайын денсау­лығыңызға зиян келетінін қа­пер­де ұстаңыз;
– Пікірлеріңіз қайшы келетін адам­дармен ұзақ тәжікелесіп, өзіңіз­­дікін дәлелдегенше, үн­де­­мей құтылғаныңыз абза­лы­рақ;
– Ой мен жүрек ұдайы байла­ныста. Сондықтан жүрекке неғұр­лым жақсы дүниелерді ұя­лат­саңыз, ойыңыз да, жаныңыз да тазарады.
– Азғындық пен ашулан­шақ­тық денсаулықтың түбіне жетіп, адамды рухани күйзеліске соқ­ты­рады.

Балжан ҚАНАПИЯЕВА,
психолог

Жауап қалдыру