Жаңалықтар

0
36

Тілді дамытуға байланысты жинақ жарық көрді

«Дегдар» қоғамдық келі­сім­ді қолдау қоры Мәдениет жә­не спорт министрлігі Тіл­дер­ді дамыту және қоғамдық-сая­си жұмыс комитетімен бір­ле­сіп, «Бақ және мемлекеттік тіл» та­қы­ры­бында 2014 жыл­ғы 26-қа­рашада Астанада өткізген конференция материалдары жеке жи­нақ болып жарық көрді.

«Тілдік ортаны қалыптас­ты­ру мә­се­лелері» атты жинақ­қа бел­гі­лі ғалымдардың, тіл ма­ман­да­ры­ның, журналис­тер­дің, де­пу­тат­тар­дың, қо­ғам қай­рат­кер­лері­нің мем­лекеттік тіл­ді на­си­хаттау жә­не дамытуға байланысты ма­қа­ла­лары мен ой-пі­кір­ле­рі, ке­ле­лі ұсы­ныстары топ­тас­ты­рыл­ған.

«Бақ және мемлекеттік тіл», «Мем­лекеттік тіл: кеше, бү­гін, ер­тең», «Мемлекеттік тілді же­тіл­ді­руге байланысты ұсы­ны­стар» атты бөлімдер бойынша сұ­рып­тап берілген мате­риал­дар­дың танымдық, та­ғы­лым­дық, тал­да­малық. жа­ңа­шыл­дық сипаты басым.

Республикалық мүшәйра өтеді

Таразда Қазақ хандығы­ның 550 жылдық мерей тойына ар­нал­ған республикалық мү­шәйра өте­ді, деп хабарлады об­лыс­тық әкім­дік­тің баспасөз қыз­метінен.

«Ерліктің арқауы, елдік­тің бас­тауы-қазақ хандығы» атты жазба жас ақындардың рес­пуб­ли­ка­лық жабық жыр мү­шәй­ра­сы өте­ді. Өлеңдерді қабыл­дау 2015 жыл­дың 15-ақпа­нын­да басталып, 15-шілде күні аяқ­та­ла­ды», де­лінген хабарламада. Мү­шәй­ра ере­же­сіне сәй­кес, оған қа­зақ хан­дығы туралы, жа­зыл­ған бір өлең қа­был­да­нады. Сайысқа қа­зақ ті­лінде жазып, сөйлей алатын кез келген ұлт өкілінің де қа­ты­суы­на болады. Жас мөлшері 16 –35 жас аралығында болуы шарт. Бұрын жарияланған шы­ғар­ма­лар қабылданбайды. Мү­шәй­ра­ның мақсаты – Қазақ хан­ды­ғы­ның 550 жылды­ғын ме­ре­ке­леу­дің мәні мен бүгінгі таң­да­ғы тарихи маңызын ашу. Мү­шәй­раға қатысушылар өле­ңін Тараз қаласы, Төле би даң­ғы­лы 35 үй, 514 бөл­ме Жамбыл облысы әкімді­гі­нің мәде­ниет, мұ­ра­ғат­тар және құ­жат­тама басқармасы­ның об­лыс­тық халық шығар­ма­шы­лы­ғы орталығына «Мү­шәй­раға» бел­гі­сімен жолдай алады. Байланыс телефондары: 8/726/ 2 43-88-01.

Он томдықты оқи жүріңіз

Жуырда Алматы қала­сын­да­ғы «Мереке» баспасынан он том­дық Қазақ поэзиясының антологиясы (төмендегі суретте) жарыққа шықты.

«Жыр маржаны» атты он томдық қа­зақ поэзиясының антологиясы  Атырау облысы әкімдігінің тапсырысымен және қолдауымен жа­рық­ көрді.

10 томдықтың І томы ұлы бабамыз тасқа қашап жазып кеткен данышпандық жырлары мен түрік қағанатын құр­ған Құ­ты­лығ қағанның ұлы Күл­те­гін қа­ған­ның ел шежі­ре­сі­нен басталады. Күл­те­гін мұ­ра­сының ер­кін әде­би нұс­қа­сын жа­саған ақын Те­мір­хан Медетбек.

Осы он томдық жинақтың қа­зақ поэзиясын зерттеуші ға­лым­дар мен сыншыларға да зор пайдасы тиетіні анық. Жыр сүйер қа­уым үшін де рухани бай­лық бол­мақ.

678 ақынның басын қо­сып, 3000 данамен жарық көр­ген осынау жыр жәдігерінің әр томы көркем безендіріліп, әр ақын­ның бейнесі сурет­ші­нің қыл­қа­ламымен салынған.

Жауап қалдыру