Жаңадан 6 су қоймасы салынады

0
201

Қызылорда облысында тасқын суларды жинақтайтын 6 жоба іске асырылады. Олардың жалпы сы­йымдылығы 3 млрд текше метр­­ді құрайды. Бұл туралы жур­на­листермен кездесуде өңір бас­­шы­сының орынбасары Серік Қо­жа­­ниязов мәлімдеді, деп хабар­ла­ды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның атап өтуінше, бүгінгі күні 159 мың гектар суармалы жерді қал­пына келтіру және қолданусыз жат­қан 29 мың гектар жерді қайта айна­лымға қосу үшін 3 жоба енгізілуде. Жо­ба­ның жалпы құны 122 млрд теңгені құрай­ды. Бұдан бөлек, тасқын сулар­ды жи­нақтау бойынша Үкіметпен мақұл­дан­ған жоспарға сәйкес, облыс бойынша жалпы сыйымдылығы 700 млн тек­ше метр болатын 3 жоба жүзеге асырылмақ. Ал Агроөнеркәсіп кешенін да­мытудың мемлекеттік бағ­дар­ла­масы аясында жалпы сыйым­ды­лы­ғы 2,3 млрд текше метрді құрай­тын тағы 3 су қоймасы салынатын бо­ла­ды.

Жауап қалдыру