Алдағы жылы жазушы Әзілхан Нұршайықов романының желісі бойынша «Махаббат, қызық мол жылдар» атты телехикая түсірілмек. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Astana Media Week» кезінде «MG Production» кинокомпаниясының бас продюсері Ернар Мәліков мәлім етті.
Оның айтуынша, елімізде дарынды жастар аз емес. Сондықтан, кинокомпания өкілдері әйгілі актерлерді айналып өтіп, облыс-облыстарға телеэкспедиция жасап, тасадағы таланттарды іздемек. «Махаббат, қызық мол жылдар» тележобасындағы басты кейіпкер Меңтай мен Ерболды сомдайтын актерлерді компания өкілдері осылай табуды көздеп отыр.