Жаңа үй жантайып қалды

0
102

1-мамыр күні кешке қарай Алматы қаласы Алатау ау­даны Алғабас ықша­мау­да­нындағы 1/136-тұрғын үй тұр­ған жердің топырағы шөгіп, 9 қабатты ғимарат батысқа қарай жер астына 32 сантиметрге қисайып кет­ті. 72 пәтерлі үйде қоныс­танған 200-дей тұрғын эвакуацияланып, ғимарат­тың айналасы оқшауланды.
«НСК Астана Құрылыс» ком­паниясының мерді­гер­лігімен салынған үй «Қол­жетімді бас­пана – 2020» бағ­дарламасы бо­йынша кезекте тұрған аза­мат­тарға берілген. Бүгінде жедел комиссия құ­рылып, үйдің жай-күйін ке­шенді ба­ғалау жұмыстары жүр­гі­зілуде. Комиссия құра­мына мем­лекеттік сәулет-құ­рылыс бақылау қызметі, Алматы қалалық қала құры­лысы және сәулет басқар­масы, проку­ра­тура, ішкі істер департаменті және басқа құ­зырлы органдар өкіл­дері кір­ген. Комиссия үйдің жантаю себептерін 3 маусым күні сағат 15-ке дейін анық­та­мақ. Апатты жағдайдан кейін атал­ған ауданда орын теп­кен 9 қабатты 29 үйге тек­серу жүр­гізілетін болды.
Алдын ала жасалған бол­жамдар бойынша үйдің астын­дағы топырақтың шөгуіне, толассыз жауған жауынның жертөлелерде жиналып қалуы себеп болуы мүмкін екендігі айтылуда.

Жауап қалдыру