Жаңа аудан құрылады

0
36

ҚР Президенті Н. Назарбаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды. Ол бойынша облыста жаңа – Кеген ауданы құрылатын болды.
Ақорда сайтында жария­лан­ған Жарлыққа сәйкес Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында ор­наласқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылады.
Сондай, Елбасы Қазақ­стан Республика­сының Үкі­метіне осы Жарлықтың 1-тар­мағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдауын тапсырды.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәс­ли­хаты Райымбек ауданынан бөлу арқылы жаңа аудан құру жөнінде 2017 жылы 10 тамызда шешім қабылдаған болатын. Халық көптен күткен бұл мемлекеттік ма­ңызды іс шекаралық аймақ­тың экономикасын нығай­туға, басқаруды ыңғайлы етіп, сол өңірлердегі тұр­ғын­дардың әлеуметтік жағ­дайын жақсартуға, ел іргесін берік етуге сеп болмақ.

Жауап қалдыру