Зейнетақы қорындағы қаражат

0
32

2018 жылдың 1 қараша­сындағы жағдай бойынша қазақ­стандықтардың зей­не­тақы жинақтарының жал­пы сомасы 9 трлн тең­гені құрады. Бұл, өткен жыл­дың сәйкес кезеңі­мен салыстырғанда 1,5 трлн тең­геге көп, деп хабар­лай­ды ҚазАқпарат.
Бірыңғай жинақтаушы зей­нетақы қорынан мәлім еткендей, бір жыл ішіндегі өсім 19 пайыз құрады.
– Ал 2018 жылдың басынан бергі өсім 1,3 трлн теңгені немесе 16 пайызды құрады. Зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалып­тасып, олардың сомасы 8,9 трлн теңгеге жетті. 2018 жылдың 1 қарашасына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 10,3 млн бірлікті құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен ашылған шоттар 9,8 млн бірлік, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ саны 472,5 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 46 мың бірлік болды, – делінген қор ақпаратында.
Он ай ішінде қор салымшы­ларының шоттарына есептелген таза инвестициялық та­быс 715,6 млрд теңгеге жет­ті. Өткен жылдың сәйкес ке­зе­ңінде бұл сома 457,7 млрд тең­гені құраған болатын. Бір жыл ішіндегі өсім – 56 па­йыз.

Жауап қалдыру