Үздік детектившілер марапатталды

0
64

Алматы қалалық соты­ның 50 жылдық, «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС-нің 25 жылдық мерейтойына орай ұйым­дас­тырылған шытыр­ман оқиғалы шы­ғар­малар бай­қауының жүлде­гер­лерін марапаттау рәсімі өтті.
Қазақ прозасының кенжелеп қалған бұл жанрын оқыр­­мандар тілегі бойынша Алматы қалалық сотының қол­дауымен – «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС-і ұйым­дастырды. Жүлде қоры – 1 млн теңгені құрайтын бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам үміт­кер өз шығармаларын жол­дады. Оларға ақын, публицист, «Ақиқат» ұлттық қо­ғамдық-саяси журналының бас редакторы Аманхан Әлім, «Заң газетінде» ұзақ жыл жұмыс істеп, құқық та­қы­рыбына қалам тербеп, детектив жанрындағы шығар­ма­ларын жинақ етіп жария­лаған белгілі журналист Елеусіз Мұрат пен ақын, жур­налист-жазушы Серік Сарыбаев қазылық жасады.
Байқау нәтижесінде жүл­делі үшінші орын (100 мың тг) Әсем Жұмахан, Еркеғали Бейсенов және Қуандық Шамахай сынды авторларға берілсе, екінші орын (200 мың тг), Жанар Жанапиянованың еншісіне бұйырды. Ал 1-орынға (500 мың тг) белгілі журналист, жас драматург, «Қазақ әдебиеті» газетінің қызметкері Әлібек Байболдың «Миллион» атты шығармасы лайық деп танылды. Сондай-ақ 5 үміткерге ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Жауап қалдыру