Заңгерлік кеңес тегін болады

0
71

Алматыда қалалық қо­ғам­дық даму басқар­ма­сының тапсырысы бо­йын­ша тұрғындарға ақы­сыз заң­герлік көмек ұйым­дас­ты­ру жобасы қолға алын­ды.
Ақысыз кеңесті Қазақ­стан­­ның жетекші заңгерлері бе­ретін болады. Олар тұр­­ғын­дарға пәтер иелері коопе­ративі, тұрғын үй қаты­насы, меншік құқығын қорғау, ипотека, әлеуметтік қам­сыз­дандыру, мүлік сау­дасы, от­ба­сылық қаты­нас­тар бо­йын­ша кәсіби заңна­малық көмек беретін болады.
Сондай-ақ, заңгерлерден құралған топ тұрғындардың өтініші бойынша тиісті ме­кен­жайларға шығып, көмек көрсетпек. Аталмыш қыз­мет туралы толық мә­лі­мет­ті әлеу­­меттік желі­лер­де #zan_kenesy хештегі арқы­лы табу­ға болады.

Жауап қалдыру