Қызылорда облысынан – Еркін Әбіл: Жастармен жүздесті

0
43

12-тамыз халықаралық Жастар күніне орай аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясын­да «Ауған соғысы ардагерлері және патриот жастары» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен Жаңақорған ауданында «Ордакент» ардагерлер, жастар ресурстық ор­та­лығында елдің игі жақсылары жастармен жүздесті.
Одан әрі ауданның қоғамдық-саяси өмірінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан ел ағалары мен ардақты аналары өскелең жастарға тәлім боларлық ойымен бөлісіп, ақыл-кеңестерін сөз етті. Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының мү­ше­сі, облыстың құрметті аза­ма­ты А.Сопыбеков, аудан­ның құрметті азаматы, КСРО ­бі­лім беру ісінің үзді­гі, «Құр­­­мет» орденінің иегері З.Шер­мағамбетов, Сунақ ата ауылдық округінің әкімі Ә.Қы­с­таубаева, ҚР ден­сау­лық сақтау саласының үздігі С.Ысқақов, Байланыс са­ла­­сы­ның үздігі, бір тасын көтеруден Еуразия және Еуро­паның бірнеше дүркін чемпионы С.Ибра­гимов болды.
Кездесуге келгендерге жас­тар атынан сый-сияпат жасалды.

Жауап қалдыру