«Қыз Жібек» мюзиклі Оңтүстік Кореяда

0
42

Қазақтың махаббат тура­лы лиро-эпостық даста­ны енді Оңтүстік Корея тұрғын­дарына да таныс. Ұлы дала елі фольклорының інжу-маржаны саналатын «Қыз Жібек» спектаклі халық­ара­лық мюзиклдер фести­валі аясында Тэгу қаласында сахналанды.
Оңтүстіккореялық Тэгу қа­ла­­сындағы фести­валь – әлем­дегі жалғыз халық­ара­лық мюзиклдер шара­сы. Оған алғаш рет отандық кә­сіби театр шақырту алды. Ұйым­дастырушылар артис­терден «Қыз Жібек» қойы­лымын қоюды өтінген, себебі спектакль қазақтың ұлттық бейнесін айқындайтын бірден-бір туынды.
«Қыз Жібек» мюзиклі мен көр­ген туындыларға мүл­дем ұқсамайды. Ерекше әрі ке­ремет шығарма. Деген­мен көрермендер оны бірден қа­былдамауы мүмкін. Тэгу қа­ласында өтіп жатқан шара­дан соң оңтүстік­корея­лық­тар қа­зақ­стандық туынды­лар­мен қызығушылық білдіре бас­тай­тынына сенімім мол», – дейді Тэгу қаласы халық­ара­лық мюзиклдер фес­тива­лінің атқа­рушы дирек­торы Пак Чонг Сук.

baq.kz

Жауап қалдыру