Қысқа-нұсқа

0
33

Кеше Мемлекет бас­шы­сының төрағалы­ғы­мен халықты әлеуметтік қор­ғау жүйесін жаңғырту мәсе­лелеріне арналған кеңес өтті. Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейне­тақы төлемдерін 7 па­йызға, мемлекеттік әлеу­меттік жәрдемақылар көле­мін 5 пайызға арттыру қажет­тігін айтты.

Елбасы тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан 90 077 шағын және орта бизнес субъектісі салықтық амнистияға ілінбек. Бизнес субьектілерінің 130,2 млрд теңгелік қарызы кешірілмек.

Қазақстанда жүзеге асырылатын электрондық сауданың жартысынан астамы Алматының үлесіне тиесілі. Оның жылдық өсімі оңтүстік астанада 55% жеткен.

Балқаш көлінде де­ма­лу­шылардың санын ал­дағы үш жылда 80 мың­нан 160 мыңға арттыру үшін арнайы жоспар бекі­тілді. Осы мақсатта келе­сі жылы төрт жолақты Қа­ра­ғанды – Балқаш авто­ба­нының құрылысы басталады. Балқаш қаласының әуежайын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Ол әуежай он жыл бойы бос тұрған еді.

Жауап қалдыру