Қысқа-нұсқа

0
34

Елбасы кеше Қазақ­станның халық әртісі Әлі­бек Дінішевті қабыл­да­ды. Нұрсұлтан Назарбаев Әлібек Дінішевтің Қазақ­стан мәдениеті мен өнерін дамыту және ілгері­лету ісіндегі айрықша рөлі мен сіңірген еңбегін атап өтті. Халық әртісі Қазақ­стан Пре­зидентінің шығар­ма­шылық саласындағы саясатына және мемлекеттің өнер қайраткерлеріне қол­дау көрсетіп отырғанына ризашылық білдірді.

Елбасы кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағ­дар­лама­сының аясында «Жами­ғат-ат тауарих» жә­не «Зик­зал» кітап­тарының тұсау­ке­се­рі өтті. Халық­аралық Түркі академия­сы басып шығарған 5 томнан тұратын Рашид ад-Диннің «Жамиғат-ат тауарих» атты кітабы алғаш рет қазақ тіліне аударылып, танымал қазақстандық ғалымдардың пікірлерімен қамтылған.

Халықаралық Doing Business 2019 (Бизнес жүр­гізу 2019) рейтингінде Қа­зақ­стан Республикасы 28-орынға тұ­рақ­тады. Қазақ­стан бір жылдың ішінде бір­ден 8 са­ты жоғарылап, 28-орынға орналасты. Был­тыр біздің ел 36-орында бола­тын.

Халықты тегін дәрі-дәр­мекпен қамтамасыз етуде ем­делушілерге ыңғайлы бо­луы үшін 1439 бірыңғай қысқа нөмірі іске қосылды. «СҚ-Фармация» ЖШС бас­қар­ма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, байланыс орта­лығы дәрі жеткізу жөнінде хабардар етіп қана қоймай, дәрінің уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Қазақстанда қоқыстан электр энергиясын өндіретін бірнеше биоэлектростанция салынады. «Қазіргі уақытта биоэлектр станцияларын тұрғызу мәселесін қарас­тыру қажеттігін көріп отыр­мыз. Бұл станциялар қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы жұмыс істейді. Бұл секторда мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді көбейту қажет», – деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа. Оның айтуынша, бұл электр станциялары қоқыс полигон­дарында орналасады және бірнеше мәселенің шешілуіне көмектеседі.

Жауап қалдыру