Қысқа-нұсқа

0
46

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Рес­пуб­ликасының «Сырбар» сыртқы барлау қыз­метінің басшылық құра­мымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың бас­­пасөз қызметінен ха­бар­лады. Кездесу ба­ры­сында Мемлекет бас­шысы барлау қыз­ме­тінің ұжымына жаңа директор Сартаев Исатай Бақтиярұлын және ди­рек­тордың бірінші орын­басары Оразов Нұр­­лан Оразұлын таныс­тырды.

2040 жылға қарай Қазақстанда базалық зейнетақының жойыла­тыны, мемлекеттің зей­нетақы жауапкершілігінен бас тартатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бас­пасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқ­парат.

Астана әкімдігі қаланы барынша жинақы салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын түзді. Алдағы 5 жылда 121 шақырымды құрайтын жол салу және 3 көпір мен 2 жолайрық салу жоспарланып отыр.Оның бірі жол өтпе, бірі тоннель.

 

Жауап қалдыру