Қысқа-нұсқа

0
36

Қоғамдық денсаулық сақ­тау департаменті әлеу­мет­тік желіде тараған Ал­матыдағы менингококк ин­фекциясы туралы ха­бар­ламаға қатысты дүр­­бе­лең туғызуға себеп жоқ екенін мәлімдеді. Дә­рігерлер дене қызуы кө­теріліп, тамағы ауыр­ғандарға халық көп жи­налатын мәдени-спорт­тық ша­раларға, бас­сейн­дер мен ойын-сауық орта­лық­тарына бар­мау­ға, атал­­ған белгілерді бай­қа­ған жағ­дайға дәрі­герге жүгі­нуге кеңес берді.

Елімізде ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында пәтерге кезекке тұрған азаматтарды ең алдымен баспанамен қам­тамасыз ету қажет. Бұл туралы Мәжілістегі «Нұрлы жер» тұрғын үй құры­лысы бағ­дарламасын іске асыру ба­рысы» тақы­рыбында өт­кен жатқан дөңгелек үстел оты­рысы бары­сында депутат Нұртай Сабильянов айтты. Қа­зіргі кезде тұрғын үй ке­зе­гінде тұрған баспанаға мұқ­таж азаматтар көп. Олардың бірқатары 20 ғасырдың 90-шы жылдарынан, кейбіреулері 21 ғасырдың басынан кезекте тұрған.

Жауап қалдыру