Қысқа-нұсқа

0
18

ҚР Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев 15 мамыр күні Батыс Қазақ­стан облысында жұмыс сапарымен болды. Елбасы сапары бары­сында бірқатар кә­сіп­орындардың жұ­мы­сымен танысып, өндірістік және әлеу­меттік нысандарды ара­лады.

Мемлекет басшысы Астана эконо­мика­лық форумы аясында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен, Францияның бұрынғы Президенті Франсуа Олландпен, «Apple» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Вознякпен, «Яндекс» компаниялар тобының жетекшісі Аркадий Воложбен кездесті.

Астана әкімі Әсет Исекешев Қошқар­баев даңғылы, 39 мекен-жайы бойынша орна­ласқан жаңа үйдің тұрғын­дарына 292 пәтердің кілтін табыс етті. Жаңа баспана иелерінің 146-сы – үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан әлжуаз топтары санатына  жататын азаматтар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Бүгін халықаралық музей күні аясында музейге келушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында Алма­тының 6 мұражайында «Музей түні» шарасы өтпек. Танымдық шара Алматы музейі, Д.А. Қонаев музейі, Н.Тілен­диевтің ме­мо­риал­дық музе­йі, С.Мұ­қанов пен Ғ.Мүсі­ре­повтың әдеби-мемориалдық музей кешені, Ықылас атын­дағы халық музыка­лық аспаптар музейі және Мультиме­диялық дәстүрлі музыка орта­лы­ғында өтеді.

Жауап қалдыру