Қысқа – нұсқа

0
23

Парламент Сенатының де­пу­таты Бектас Бекназаров пен Мәжіліс депутаты Қанат Сау­дабаев Еуропа Кеңесі Пар­ламенттік Ассамблеясының 28-қыр­күйек пен 2-қазан ара­лы­ғында Страсбургте өтіп жат­қан жыл сайынғы сессия­сы­ның төртінші бөлігіне қа­тыс­ты. Шараның күн тәр­тібіне Еуропадағы көші-қон шие­ле­нісінің саяси және гу­ма­ни­тарлық салалардағы, тран­зиттік мемлекеттердің проб­ле­малары, сондай-ақ еуро­па­лық елдерде баспана берудің пәр­менді жүйесін қа­лып­тас­ты­руға байланысты мәсе­ле­лер енгізілді.

Қазақстанда арнайы эконо­микалық аймақтардың қызметі жетілдіріледі. Экономи­ка­лық климатты жақсартуға бағыт­талған «Нұрлы жол» жаңа эко­но­микалық саясаты ая­сын­да, сондай-ақ, әлемдік жа­ғым­­сыз экономикалық ахуал сал­дарынан дамушы елдер­ден инвестициялардың кетуі ықтималдығының артуына қарай, арнайы экономикалық аймақтар қызметін жетілдіру маңызды болып табылады. Сондықтан да, индуст­рия­лан­­дырудың екінші бес­жыл­дық кезеңінде арнайы эко­номикалық аймақтарды да­мы­тудың қажет­тілігі жоғары.

Қазақстанда 2020 жылға дейін 7 мың шақырымға тар­та автожолдар ақылы бо­ла­ды. Астана-Бурабай ақы­лы автожолы 2013 жыл іске қосылған. Сол жарты­жы­л­дықта 600 млн. теңге түссе, 2014 жылы – 1 млрд. 200 мың теңге, ал 2015 жылдың басынан бері 700 млн. теңге шамасында қаржы түскен. Қаражат жолды күтіп ұстауға толық жетіп, ақылы жол өзін-өзі қамтамасыз етуде. Мемлекет ақылы жолдардың есебінен ақысыз жолдарды кү­тіп ұстауды жоспарлауда. Яғ­ни бірінің табысын екін­шісіне алмастыру жағын ой­лас­тырылуда.

Мұнай-газ саласындағы жер қойнауын пайдала­нушы­лар­дың сатып алуларындағы жергілікті қамту көлемі шамамен 2,5 есеге, 2014 жы­лы 9 млрд долларға дейін өсті. Бүгінде отандық бә­секеге қабілетті өндірісті да­мыту арқылы жергілікті қам­ту үлесін арттыру, сон­дай-ақ қазақстандық тауар өндірушілермен бизнес жүр­гізу үшін жағымды жағ­дай қалыптастыру бойын­ша бір­қатар шаралар қа­был­да­нуда.

Жауап қалдыру