Қысқа-нұсқа

0
75

31-тамызда Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назар­баев Астанадағы №84 мек­теп-лицейде болды. Елбасы мек­теп­тің оқу сыныптарын аралап, мұға­лімдермен әңгіме­лесті, жинал­­ған­дарды жаңа мек­тептің ашылуымен құт­тық­тап, тәуел­сіздік жыл­­дарында білім беру саласын дамыту және қа­жетті инфра­құрылымды қалып­тас­тыру үшін мемлекет көп күш-жігер жұмсағанын атап өтті.
30-тамыз күні Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Конституция күнімен құттық­тап, оның талаптарын мүл­тіксіз орындау, рухын берік ұстану еліміздің табысты дамуының басты қайнар көзі мен кепілі болып саналатынын атап өтті.
29-тамыз күні Мемлекет басшысы «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халық­аралық конференция аясында шетелдік БАҚ өкіл­деріне сұқбат берді. Нұр­сұлтан Назарбаев BBC, Euronews, CNBC Arabia, «Россия 24» телеарналары өкілдерімен әңгі­мелесу барысында Қазақ­станның ядролық қаруды тарат­пау және қарусыздану сала­сында жұмсаған күш-жігеріне, сондай-ақ конферен­ция кезінде ұсынған бастама­ларына қа­тысты сауалдарға жауап берді.
29-тамыз күні Нұрсұлтан Назарбаев Парламентаралық одақтың төрағасы Сабер Чоуд­хуримен кездесті. Кез­десуде парла­мен­таралық өзара іс-қимылды нығайтудың, ұйым­мен ынты­мақ­тастықты одан әрі тереңдетудің перспек­тивалары қаралды. Тараптар сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Елбасы 29-тамызда Ресей Федерациясының еңбек сіңір­ген мәдениет қайраткері, жазу­шы Леонид Млечинмен кез­десті. Кездесу барысында зама­науи әдебиеттің ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ қоғамдық дамудың өзекті мәсе­лелері талқыланды.
31-тамыз күні ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытай Ха­лық Республикасының Қыр­ғыз Республикасындағы Ел­шілігіне жасалған шабуылға бай­ланысты мәлімдеме жа­са­ды. Онда Қазақ­стан тер­рорис­тік актті үзілді-кесілді айып­тайтындығы, атал­ған қылмысты егжей-тег­жейлі тергеу мен кінәлілерді жауап­­кер­ші­лікке тарту бойын­ша қырғыз тарапының шешім­ділі­гін қолдайтындығы айтыл­ған

Жауап қалдыру