Қысқа-нұсқа

0
128

ҚР Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың Өкімімен Ма­рат Рахымұлы Құсайынов «Оң­түстік» өңірлік қолбас­шылығы әскерлерінің қолбас­шысы қызметіне, Нұрлан Мұ­са­қанұлы Қаша­ғанов «Шығыс» өңірлік қолбас­шы­лығы әскерлерінің қолбас­шы­сы қызметіне, Ерлік Әбді­ра­қымұлы Кененбаев Қазақ­стан Республикасы Бас прокурорының орын­басары қызметіне, Марат Мұратұлы Ах­метжанов Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы Бас проку­роры­ның орынбасары қыз­ме­тіне және Алексей Дмит­рие­вич Ка­лай­чиди Қазақ­стан Респуб­ликасы Пре­зи­денті Әкім­ші­лігінің Құ­қық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қыз­метіне таға­йындалды.
30-мамырда Мемлекет бас­шысы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компа­ниясы» АҚ бас­қар­масының төрағасы Ах­метжан Есімовті қабыл­дады. Кездесуде А.Есімов Мемлекет басшы­сына «ЭКСПО-2017» ха­лық­аралық көрмесіне да­йындық, сондай-ақ оның маз­мұндық тұр­ғыдан жабдық­талуы жөнінде баяндады.
Елбасы 30-мамыр күні Мем­лекеттік қызмет саласын­дағы өңірлік хабтың бас­қа­рушы ко­митетінің төра­ғасы Әли­хан Бай­меновті қа­был­дады. Кез­десу бары­сында Ә.Байменов Мем­лекет басшысын Өңірлік хабтың осы кезеңге дейінгі жұмысының қорытындылары мен алдағы жос­парлары жө­нінде хабардар етті.
30-мамырда Қазақстан Рес­публикасының Мемлекет­тік хат­шысы Гүлшара Әбді­қа­лықова Біріккен Араб Әмір­лік­тері Федералдық ұлт­тық ке­ңесінің төрайымы Әмәл әл-Кубей­симен кездесті. Тараптар ын­тымақтастықтың түрлі са­ласында табысты іске асыры­лып жатқан бірлескен жоба­лар­ды талқылады.
1-маусымда Алматы об­лысы әкімінің өкімімен Ақан Жыл­қышыбайұлы Әбдуәлиев Ал­маты облысы мәдениет бас­қар­масының басшысы болып тағайындалды. Ақан Жыл­қы­шыбайұлы осыған дейін Жам­был атындағы қазақ мем­­лекеттік филар­мония­сы­ның ди­ректоры болып қыз­мет ат­қар­ған.
31-мамырда Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фрак­циясы жанындағы Әлеуметтік кеңес отырысында 12 жылдық білім беруді енгізу және мек­тептегі оқу бағдарламасы стан­дарттарын жаңарту мәсе­лелері талқыланды. Тал­қы­лау нәтижесінде «Нұр Отан» фрак­циясы жанындағы Әлеу­меттік кеңес ҚР Үкіметіне бір­қатар ұсыныстар жолдады.

Жауап қалдыру