Қысқа-нұсқа

0
47

Кеше Орталық коммуни­кациялар қызметінде Пре­мьер-министрдің бірінші орын­басары Б. Сағынтаев, Ауыл ша­руашылығы министрі А.Мырзахметов және «Нұр Отан» партиясы төраға­сы­ның бірінші орынбасары М.Құл-Мұхаммед брифинг өткізіп, Жер кодексіне қатыс­ты талқылауларға барша жұрт­тың белсене қатысуын өтінді. jerturaly.kz деген сайт та жұмыс істеп тұрыпты.
Мемлекеттік хатшы Гүл­шара Әбдіқалықова Австра­лия­ның, Ирландияның, Бенин Республикасының, Сирия Араб Республикасының және Эфио­пия Федеративтік Демок­ратиялық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады.
Мемлекет басшысының Өкімі­мен Айдос Ыдырысұлы Үкібай Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Баспа­сөз хатшысы қызметіне таға­йындалды.
Еліміздің бұрынғы Ұлт­тық экономика министрі Ербо­лат Досаев «Бәйтерек» Ұлт­тық басқарушы холдингі басқар­масының төрағасы болып таға­йындалды.
Қазақстанның мемле­кеттік қарызы 26,6 млрд. дол­ларды құрап, ІЖӨ 21,6 пайы­зына тең. Еліміз «Мемлекеттік қарыз» индексі бойынша 140 мемлекеттің арасында 12-ші орынға ие болып отыр.
Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың барлық жүйесі электронды форматқа ауыс­тырылды.
Парламент Мәжілісінің депу­таты Роман Склярдың ҚР Ұлт­тық экономика вице-министрі болып тағайын­далу­ына байланысты депутат­тық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
2015 жылы республикалық бюд­жеттің тиімсіз игерілген сомасы 232 млрд теңгені құ­рады.
Былтыр елімізде 4385 адам шағын несие алып, оның ішінде 4114-і өзінің меншікті ісін ашты.
Қазақстанда медициналық қызметтердің бағасы қым­баттады.
Қазақстанда орташа ай­лық жалақы сәуір айында 136 мың 956 теңгені құрады.
Қазақстандағы жаңа үй­лердің бағасы соңғы 15 жылда 25 есеге яғни 1300 пайызға өскен.

Жауап қалдыру