Қысқа – нұсқа

0
46

Кеше Парламент Сенаты­ның жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне спорт­тық және спорттық-бұқара­лық, ойын-сауық мәдени-бұқа­ра­лық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдап, Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
Ағымдағы 2016 жылғы 20-наурыздағы ҚР Парламент Мәжілісінің және мәслиxат депутаттарын сайлау науқанына 8 млрд теңге бөлініп, 98 депутат партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан xалқы Ассамблеясы атынан, барлығы 107 депутат, жергілікті мәслиxатқа 3 335 депутат сайланбақ.
Парламент Сенатының жал­пы отырысында палата де­путат­тары «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.
Әлемнің барлық дамыған мемлекеттерінде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік жүйесі секілді біздің елімізде де 8 деңгейлі ұлттық біліктілік жүйесі енгізіліп, орта, орта мамандандырылған, бакалавриат, жоғары, магистратура, PhD санаттарына қарап, азаматтарға жұмыс орындары атқарылатын жұмыс көлемі мен еңбекақы деңгейін белгілейтін болды.
АҚШ-та Калифорния тех­нологиялық институтының ғалымдары Майкл Браун мен Константин Батыгин Күн жүйесінде жерден салмағы 10 есе артық алып планетаның бар екендігіне дәлелдер ұсынып, Күн жүйесінің тоғызыншы планетасы табылғанын хабарлады.

Жауап қалдыру