Қысқа-нұсқа

0
24

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев бес инс­титуционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға және индус­триялық-инновациялық қыз­мет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге ба­ғыт­талған «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заң­на­малық актілеріне индус­т­риялық-ин­новациялық саясат мә­селелері бойынша өзгеріс­тер мен то­лықтырулар ен­гізу туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңына қол қой­ды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мем­лекеттік қызметтер көр­сету мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ликасының заңына қол қойды.
«Мыңжылдык» аллея­сы­ның маңында 2017 жыл­дың наурыз айында пай­да­лануға берілетін «Астана стан­са­сының теміржол то­ра­бын да­мыту» жобасы аясын­да жа­ңа теміржол вокзалы эста­ка­да­сының құрылысы жүр­гі­зі­луде.
Кеше Астанада алдағы күндері өтетін ТМД-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекетаралық кеңесінің отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайкамен кездесті.
Осло қаласында Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Құрметті кон­сулдығы ашылды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институционалды реформасында» атап көрсетілген, мемлекеттік қызмет жүйесін, оның ішінде қызметкерлердің еңбегін әділ бағалап, атқарған жұмысына сәйкес еңбекақы төлеудің жаңа жалақы жүйесін енгізу жайлы тапсырмасына орай 2017 жылы еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек.

Жауап қалдыру