Қысқа-нұсқа

0
93

Мемлекет басшыс­ы Нұр­сұлтан Назарбаев 12-қа­рашада «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Жер кодексіне өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қыз­метінен хабарлады.

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев 12-қа­­ра­шада «Қазақстан Рес­пуб­­ликасының кейбір заң­на­­малық актілеріне жергі­лікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев 12-қа­рашада «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қыз­мет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Парламент Сенаты Әлеу­меттік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңей­тіл­ген отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүге­дектердің құқықтарын қор­ғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды.

Кешеден бастап Аста­надағы «ҚазМедиа Орталығы» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітші­лік пен келісім мәдениеті» II Халықаралық медиа форумы өз жұмысын бастады.

2015 жылдың соңына дейін Алматы қаласында өнеркәсіп, сауда-саттық және қоғамдық тамақтандыру орындары сияқты 19 түрлі нысан –2 зауыт, 4 сауда-саттық пен 2 ойын-сауық орталықтары, 6 дәмхана-мейрамхана түрлері, 1 коворкинг орталығы, 1 спорт киім дүкені және 1 активтерді басқару компаниясы іске қосылатын болды.

Мәжілісте өткен жиында Ауыл шаруа­шы­лығы министрі Асылжан Мамытбеков алдағы уақытта нан бағасы қым­баттауы мүм­кін екендігін мә­лімдеді.

Жауап қалдыру