Ынтымақтастың игі істерге бастайды

0
76

Жуырда бір топ қазақ журналистері Түркиядағы Аланья Журналистер одағында қонақта болып қайтты. Кәсіби байланысты тығайту мақсатындағы кездесудің өтуіне «Түркітілдес журналистер қоры» мұрындық болды.                                                              Журналистер алдымен Аланья Журналистер одағының басшысы Мехмет Али Дим мырзамен бірге Аланья қаласының басшы Адем Мұрат Юджел мырзамен кездесті. Қала әкімі бауырлас елдің тілшілерін жылы қабылдап, ыстық ықыласын білдірді. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық, достық жайы сөз болды. Соңында қазақ журналистері Адем Мұрат Юджел мырзаның иығына шапан жауып, зор ықыласына алғыстарын білдірді.             Мұнан соң отандық журналистер Аланья Журналистер одағының төрағасы Мехмет Али Диммен кездесті. Одақ басшысы қазақ журналистерін өз қаласында көргеніне қуанышты екенін айтып, ризашылығын білдірді. Мұнан соғ Аланья Журналистер одағына қарасты газет және телеарна редакцияларында қонақ қылып, тәжірибелерімен бөлісті. Түрік ағайындардың кәдуілгі ғаламтор арқылы тікелей эфирге шығып, қолда барды ұқсатқан шеберлігі құрметке лайық.                                                                          Шара аясында жерлестеріміз қазақы дәстүрге сай Мехмет Али Дим мырзаға қазақтың қара домбырасын сыйға тартып, құрмет көрсетті.

Түркітілдес журналистер қорының жобасын жүзеге асыруға көмектескен Одақ басшысының орынбасары Гайе Джошкун ханым мен басқа әріптестер де сыйлықсыз қалмай, ұлттық кәдесыйларға ие болды. Өз кезегінде түркиялық әріптестер де ыстық ықылас білдіріп, қазақ журналистерге арнап ақ дастарқан жайды.                                             

Әріптестік кездесу соңында Түркітілдес журналистер қоры мен Аланья Журналистер одағы кәсіби серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту бағытында меморандумға қол қойды. Осының аясында болашақта қазақ пен түрік журналистері арасында туризм, спорт, журналистика, білім, экономика және рухани салалар бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыру көзделуде.

                                                                                                  Меліс СЕЙДАХМЕТОВ,                                                                                                                            «P&H»

Жауап қалдыру