Халықтың ризашылығына ие

0
66

Әрбір газеттің қо­ғам­да алатын өз орны бар. Ал «Прези­дент және Халық» газеті – билік пен халықтың арасын жалғастырып тұратын рухани көпір. Қай кезде де оқырман газетке жазылған ма­териалды оқып, оның тек қана шындықты жазып отыр­ғанына көз жеткізеді. Жур­налисттерге еш уақытта қателесуге болммайды. Өйткені қате пікір, жалған факті бір рет жарық көрсе, ол газетке деген сенімді азайтады. Елдің бірлігін, ынтымағын, қауіп­сіздігін қорғауға қызмет ету, сон­дай-ақ мемлекетіміздің мәдени дамуына, экономикалық жетістіктерге жетуіне ықпал ету – бұқаралық ақпарат құралдарының басты мақсаты.
Елбасымыздың ұстанған саясаты – біртұтас мәң­гілік мемлекет ор­на­ту, әлемдегі да­мы­ған отыз елдің қата­рына ену. Елба­сы­ның бас­тамалары халы­қа-ралық деңгейде қолдау тауып келеді. Көп­теген мемле­кет­тер­мен халықа­ралық келісім-шарттар жа­сал­ды. Келісім­дерді, шарттарды және хатта­маларды Парламент заң жүзінде бекітеді. Заңдық күшіне енген халықаралық құжаттар еліміздің саяси-экономикалық, мәдени дамуына өз үлесін қосып отыр. Осы орайда, отан­дық басы­лымдар Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты туралы ашық және әділетті жазып келе жатқанын айтуымыз керек. Бұл жерде «Президент және Халық» газетінің де еңбегі зор деп айта аламын.
Біздің қоғамдағы көкейкесті мәелелерді жазып, билік орган­дарына жеткізіп келе жатқан бұқаралық ақпарат құрал­дарына деген халықтың ризашы­лығы зор және сенімі мол.
«Президент және Халық» газетінің қазақтың тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне қа­тысты материалдарды жиі жария­лайтыны халықтың көңі­лінен шығады деп сенемін. Ұлттық құндылықтарды қорғау, насихаттау – барлық басы­лымның міндеті. Осы орайда, сіздердің елге жасап келе жатқан абыройлы қызм­ет­теріңіз қандай құрметке де лайықты екені сөзсіз.

Тұрарбек АСАНОВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Жауап қалдыру